Өңірдегі бірқатар өндіріс ошақтарында «Әділетті заң – тұрақты мемлекет негізі» тақырыбында жұмысшылармен бірқатар кездесулер өтті.
Жаңа Ата Заңның негізгі мақсаты – сот жүйесін жетілдіру, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайту. Жалпыхалықтық референдумда берілетін әрбір дауыс – еліміздегі демократиялық құндылықтар мен құқықтық тәртіптің нығаюына қосылған нақты үлес болмақ.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
- Өйткені үлкен маңызды тарихи сәт. Әр адам өзінің тарихи таңдауын жасауы керек. Сол себептен біздің жұмыстың бәрі соған бағытталған. Қазіргі күні аудандар да, біздің қоғамдық белсенділер де, біздің ардагерлер де, жастар да, бәрі осы бағытта жұмыс істеуде.