Петропавл қаласында да жаңа Конституция жобасы талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» атты Жалпыұлттық коалиция мүшелері жергілікті жұртшылықпен кездезу өткізді. Жиынға мәдениет, ғылым және білім салаларында еңбек етіп жүрген 250 адам қатысты. Олар Конституциялық реформа жайлы ой-пікірлерін ортаға салып, маңызды құжаттың басым бағыттарын саралады.
Сәуле Мәлікова, облыстық мемлекеттік архивтің директоры:
- Жаңа Конституциямыз – бұл біздің Қазақстанның болашағы. Бұл біздің болашығымыздың әділетті, прорессивті, болашағы мол, жан-жақты дамыған жастарымызға алдына қоятын мақсаттарын көрсететін, жол көрсететін үлкен іс.
Бұдан кейін жұмыс тобы өнеркәсіп нысандарын аралап, еңбек ұжымдарымен жүздесті. Сонымен қатар өңірдегі волонтёрлік қозғалыс белсенділерімен тілдесіп, жаңадан жазылған Ата Заңның саяси, құқықтық және әлеуметтік маңыздылығын түсіндірді. Өңірде Конституцияның жаңа жобасына қатысты үгіт – насихат топтары құрылған.