Жаңа Конституция – болашаққа бағдар

  • 103
  • 25.02.2026, 21:30

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция мүшелері Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың жетекшілігімен Қарағанды облысына барып, өңір тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді. Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен өткен жиында этносаралық келісім, билік жүйесін жаңғырту және қоғамдық институттарды жетілдіру мәселелері талқыланды. Қоғам қайраткерлері мен этномәдени бірлестік өкілдері және мәслихат депутаттары конституциялық өзгерістерге қатысты өз ұсыныстарын да жеткізді. Кездесулер нәтижесінде өңір жұртшылығы референдумға қатысу ел болашағын айқындайтын жауапты қадам екенін атап өтті.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Тәуелсіздікті сақтау мен нығайту жолындағы басты міндет – мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығын және тұтастығын қамтамасыз ету. Бұл мәселе жаңа Ата Заң жобасында нақты көрсетілген. Онда билік институттарының құзыреттері мен функциялары айқын әрі нақты белгіленіп, олардың арасындағы теңгерім толық сақталған. 

Наталия Еременко, қоғамдық бірлестік басшысы:

- Жаңа Конституцияда өзіме тиесілі – бұл Азаматтардың құқықтарын қорғау, отбасы институтының өсуі. Өз басыма тиесілі бұл әрине, Адам және азаматтардың құқықтарын бірінші орынға қою. Өзге этностарға бір ұлт ретінде қарау. Жауапкершілік мойнымызға артуымыз.