35 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті таратылады

  • 108
  • 25.02.2026, 21:58

35 мың мұқтаж отбасыға 35 мың азық-түлік себеті таратылатын болды.

Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай жасалған игі бастаманы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы ұйымдастырып отыр. Мақсат – әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету, - дейді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. Қайырымдылық шарасы жыл соңына дейін жалғаспақ. 

Наурызбай қажы Тағанұлы,  ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

- Жалпы бұл енді халықтың көмегі. Мешіттерге түскен садақалардың көмегіменен, сондай-ақ жомарт жандар мынау кәсіпкерлер өздері мешітке келіп, көмектесіп жатады. Осы кісілердің көмегін жалпы бір орталықтандырып, бүгінгі шараға ұйымдастырылып жатыр.