Елімізде алдағы үш жылда туризмді дамыту үшін 66 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады. Осылайша Алакөл, Балқаш, Қапшағай, Катонқарағай, Шалқар сияқты аймақтарға қатынау жеңілдеп, демалыс жайлы бола түседі. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің өкілдері хабарлады. Былтыр ішкі туристер саны 6,7 млн адамға жеткен. Сырттан келушілер қатары 15 млн-нан асыпты. Әсіресе Ресей, Өзбекстан, Үндістан, Германия, Оңтүстік Корея мен Араб елдерінің азаматтары көп. Саланы дамыту үшін Алматы, Бурабай, Маңығыстау курорттық орындарын көркейту жоспарлануда.
Нұрбол Байжанов, ҚР Туризм және спорт министрлігі комитет төрағасының міндетін атқарушы:
- Бір мемлекет салған теңге үшін кем дегенде 3 теңге инвестиция қайтарылатын болады. Осы барлық іске асырылатын шаралар туристік өнімнің сапасын арттыруға, қолайлы орта құруға, тартымды туристік бағыт ретінде Қазақстанның позициясын одан әрі ілгерілетуге бағытталған.