Саясаттанушы: Бірпалаталы Парламент – унитарлы мемлекетке тиімді форма

  • 11
  • 27.02.2026, 21:38

Бірпалаталы Парламентте заң қабылдау процесі жылдам жүреді. Бұл туралы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтындағы диалог алаңында айтылды.

«Конституциялық реформаның негізгі қағидалары: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында ұйымдастырылған кездесуде, саясаттанушылар, Мәжіліс депутаттары, жас сарапшылар мен түрлі ұйым өкілдері бас қосып, Ата Заңның негізгі ережелерін талқылады. Іс-шара сұрақ-жауап түрінде өтті. Жиналғандар Құрылтай мен Халық Кеңесінің мәртебесі, рөлі, сондай-ақ олардың мемлекеттік басқару жүйесіне ықпалы жөнінде пікір алмасты. Цифрлық құқық, экологиялық қауіпсіздік мәселелері де назардан тыс қалмады.

Талғат Қалиев, саясаттанушы:

- Бірпалаталы Парламент – біздің жалпы унитарлы мемлекетке дәл келіп тұрған форма. Қазір бізде таңертең бір жағдай болды, түстен кейін екінші жағдай болып жатады. Дүниежүзінде болып жатқан оқиғаларды көріп жатырсыз. Сондықтан біздер де заңдар тез қабылдануы керек. Сосын тағы бір үлкен мәселе – ол цифрлы қоғам. Ол өзі бір бөлек өмір. Сондықтан оның бәрі заңда реттеліп жатыр.