Бүгін Дүниежүзілік Үкіметтік емес ұйымдар күні

  • 12
  • 27.02.2026, 21:40

Осыған орай, елордада ұйым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер бас қосты. Кез келген елдің тірегі – азаматтық қоғам. Үкіметтік емес ұйым өкілдері халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдық диалогтың қалыптасуына ықпал етеді. 

Бүгінде елде 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олар елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықтың осал топтарын қолдауға және азаматтық бастамаларды ілгерілетуге атсалысып келеді. Сондықтан бүгінгі жиында бірнеше белсенді марапатталды.

Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Соңғы 3 жылда мемлекет тарапынан осы ҮЕҰ-дың азаматтық қоғамның дамуы бағытында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Оның ішінде айтар болсақ, «Қоғамдық бақылау туралы» заңның қабылдануы, «Петициялар туралы» заңның қабылдануы, қазір Парламент қарауына өткелі жатқан «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» арнайы заң жобасы қаралып жатыр. Яғни  мемлекет тарапынан осы азаматтық қоғамды дамыту үшін жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.