Қазақстан оннан астам жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашады

  • 10
  • 27.02.2026, 21:42

Биыл Қазақстанда оннан астам жаңа халықаралық әуе бағыты ашылады. Отандастырымыз Вена, Токио, Рим, Эр-Рияд, Ларнака, Дели, Ригаға тікелей қатынай алады. Тағы бірнеше бағытты қалпына келтіру жоспарлануда. Мамандар: «Әрбір жаңа маршрут бұл тек желінің кеңеюі емес, сонымен қатар елдің жаһандық картадағы орнын нығайту», - дейді.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде 42 ішкі рейс бар. Сондай-ақ 30 мемлекетпен әуе байланысы орнатылған. 130-дан астам халықаралық бағыт бойынша аптасына 620 рейс қатынайды. Жүк тасымалы да артуда. Жалпы Қазақстан әуе кеңістігінде де халықаралық транзиттік-көлік хабын дамытуды жоспарлап отыр.

Әділет Көбенов, ҚР Көлік министрлігінің басқарма басшысы:

- Тұрақты түрде әуежайларды инфрақұрылымды дамыту жүргізіліп жатыр. Ірі әуежайларда жаңа терминалдар іске қосылуда. Өткізу қабілеті өсуде. Одан бөлек, біздің республикамызда «ашық аспан» тәртібі енгізілген. Оған сәйкес шетелдік компаниялар шектеусіз рейстер орындауға мүмкіндік беріп жатыр.