Ашық аспан астындағы сахнада өңірлік коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, бұл құжат әділетті, прогрессивті Қазақстанды қалыптастыруға негіз болатынын жеткізді. Фестиваль мерекелік кешке ұласып, студенттер өнер көрсетті. Іс-шараны белсенді жастар ұйымдастырса, жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсеткен.
Айгүл Нұркеева, облыстық мәслихат депутаты:
- Конституция – мемлекеттіміздің тірегі. Болашақ ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін ең басты құжат. Жаңа Конституция әділетті және прогрессивті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған.