«Бұл уақыт сұранысына сай, заманауи үдерістер ескеріле отырып дайындалған ұзақ әрі мұқият сараптамалық жұмыстың нәтижесі», - дейді көпшілік.
Олардың пікірінше, Конституция преамбуласының өзі негізгі заңның идеялық мазмұнын, елдің тарихи-мәдени болмысын, ұлттық келбетін, құқықтық ұстанымын ашып тұр. Сондай-ақ Ата Заңдағы жаңа нормалар адам құқықтарын қорғауға, ғылым мен білімді, мәдениетті, экономиканы дамытуға, жергілікті өзін-өзі басқару жұмысын жүйелі жүргізуге негіз болатынын атап өтті.
Блиц-сауалнама:
- Жалпы преамбулада біздің Қазақстан тарихы туралы терең жазылған болатын. Қазақстан өзі тарихы терең елдердің бірі болып саналады. Менің ойымша, Қазақстан – біртұтас унитарлы ел. Оның шекарасы, оның жалпы бірлігі, территориялық сақталуы ол ешқашан өзгермеуі керек деген ойды ұстанамын.
- Мен үшін азаматтық цифрлық қорғаудың Конституцияда бекітілгені өте маңызды болып келеді. Себебі біздің қазіргі жастардың өмірі интернетте өтуде. Әлеуметтік желілерде, онлайн платформаларда деген секілді. Яғни осы тарапта біздің өміріміз цифрлық нормаларға сәйкес бола алатын болса, бідің жеке деректеріміз сақталатын болады, сонымен қатар сөз бостандығы деген сияқты нәрселер жақсырақ қорғалатын болады.
- Білім, ғылым мен технологияны басымдыққа қою – егер біз дамыған елдермен бәсекеге түскіміз келсе, жаһандық деңгейде ең әуелі осы мәселені қолға алуымыз керек деген сөз. Қазір білектің күші емес, білімнің заманы ғой.