Конституция жобасы тілтанушылар көзімен

  • 10
  • 04.03.2026, 21:47

Әділетті және ілгерішіл Қазақстанның халық Конституциясы: тілтанушылар көзімен. Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты осындай тақырыппен дөңгелек үстел өткізіп, Ата Заңға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиын барысында тілтанушы ғалымдар жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, құқықтық теңдік, тіл саясаты, демократиялық реформалар және азаматтардың құқықтарын кеңейту мәселелеріне тоқталды. Конституциялық реформа жөніндегі кеңес мүшесі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас директоры Анар Фазылжанның айтуынша, ғылыми қауымдастық Ата Заңның  мазмұнын, мәтінін өте мұқият қарап отыр. 

Анар Фазылжан, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас директоры:

- Біздің институт ұжымын ең көп қуантқан мәселе – ғылым мен білімнің Конституция баптарына және жаңашылдықтарына енгізілуі. Сонымен қатар, Конституцияның аңдатпасы, яғни преамбуласында бұл мәселелердің айтылуы біз үшін ерекше қуанышты жайт. Өйткені, ғылымсыз қоғамның дамуы тежеледі және ол түрлі кедергілерге ұшырайды.