Атырауда «Жаңа Конституция – жарқын болашақ» гала-концерті өтті

  • 10
  • 04.03.2026, 21:54

15 наурыз күні өтетін жалпыұлттық референдумды қолдау мақсатында Атырауда «Жаңа Конституция – жарқын болашақ» гала-концерті өтті. 2500 жас бас қосқан іс-шарада жаңа Конституция жобасының маңызы мен мәні түсіндіріліп, алдағы саяси науқанда әр азаматтың дауысы маңызды екені айтылды. Гала-концертте өңірге белгілі өнерпаздар мен елге танымал жұлдыздар өнер көрсетті. 

Мәдина Еркінова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушысы:

- Ұстаз ретінде бұл Конституциялық өзгерістер, жаңа Конституция жобасы жай ғана құжат деп қабылдай алмаймыз. Себебі бұл мен тәрбиелеп отырған ұрпақтың ертеңгі қорғаны. Жалпы бүгінде ұстаз ретінде нақты бір нәрсені айта аламын, мұғалім өзінің қолға алғанын сезінсе ғана сапалы білім бере алады. Ал бұл Конституция жобасында білім, ғылым, инновацияны дамытуды стратегиялық басты бағыттардың бірі деп алынып жатыр ғой.