Елордалық жастар жаңа Конституция жобасын қолдау мақсатында флэшмоб өткізді. Іс-шарада студенттер, спортшылар және жас кәсіпкерлер бас қосты. Олар жаңа Ата Заңды елдің одан әрі дамуына және қоғамдық-саяси жүйені жаңғыртуға жасалған қадам ретінде қарастыратындарын айтты.
Мағзұм Арсланбек, қалалық мәслихат депутаты, жалпыұлттық коалиция мүшесі:
- Жаңа Конституцияны қолдау мақсатында біз арнайы шара жасаудамыз. Менің ойымша, қазір жаңа Конституция жобасын қабылдау үшін жастарымыз оны толықтай түсіну керек. Жастардың көздері ашық, көкірегі ояу жастардың көбі қолдау білдіріп жатыр.