Ұлттық ұланның аңызға айналған Ерлер хоры елордалық аруларды құттықтады. Олар астаналық тұрғындар мен қонақтар үшін мерекелік акция ұйымдастырды.
Музыкалық қойылымдар қаланың қоғамдық көліктерінде және «Нұрлы жол» вокзал кешенінде өтті. Солистер қоғамдық көлікте жанды дауыста танымал композицияларды орындап, автобус ішін концерттік алаңға айналдырды. Музыкалық тосынсый жолаушылардың ерекше ықыласына бөленді. Хордың орындауындағы «Сұлу қыздар» және «Дарите женщинам цветы» әндерін көпшілік жылы қабылдады. Қойылым кезінде ұландықтар нәзік жандыларға гүл сыйлап, келе жатқан мерекелерімен құттықтады.
Көпей Қожақова, вокзал қызметкері:
- Көтеріңкі көңіл күй сыйлады бізге. Отбасыларында аманшылық, елімізде тыныштық болсын! Өнерлері өркендей берсін. Осы сәтте біздің ұжымның қыз-келіншектерін де мерекемен құттықтағым келеді.