Қазақстандықтарға күмәнді хабарламалар келіп жатыр

  • 10
  • 05.03.2026, 21:37

«Министрлік жеке деректеріңізге қол жеткізу үшін рұқсат сұрайды». Соңғы күндері қазақстандықтар телефонға осындай мазмұндағы хабарламалар жиі келіп жатқанын айтады.

Онда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі атынан қызмет көрсету үшін келісім беру сұралады. Ол үшін арнайы кодты жіберу қажет екені жазылған. Алайда құзырлы министрлік мұндай жолмен азаматтардың жеке деректерін сұрамайтынын мәлімдеді. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Сондықтан мамандар күмәнді хабарламаларға жауап кодты жібермеу керегін ескертеді.