Атырауда тасқынға қарсы шараларға ₸1 млрд бөлінді

  • 33
  • 06.03.2026, 21:36

Атырау облысында биылғы көктемгі су тасқынына қарсы шараларға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлінді. 1 мың 700-дей адам күші, 466 техника, 300-ге жуық қайық пен мотопомпа және 3 тікұшақ жұмылдыруға дайын. Тасқын су басу қаупі жоғары Атырау қаласы мен Жылыой, Қызылқоға, Индер және Махамбет аудандарында 106 шақырым бөгет бекітіліп, өзенді тереңдету жұмыстары жүргізілді. Қазір өңір тасқын судан қорғануға толықтай дайын. Облыста Жайық, Ойыл және Жем өзендерін жағалай қоныстанған 51 елді мекен бар. Қауіпті учаскелерге 15 гидрологиялық бекет орнатылған. Олардан 4 сағат сайын мәлімет алынады.

Думан Үмбет, облыстық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы:

- Жылыой ауданындағы Жем өзінінің 95 км болатын түп тереңдету және жаға бекіту жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар Жылыой ауданы бойынша 68 км болатын бөгет салу жұмыстары жалғасуда. Және де Қызылқоға ауданына келетін болсақ, 80 км болатын Миялы ауылындағы Ойыл өзенінің жаға бекіту жұмыстарының 67 км орындалды.