Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы аяқталмаған 10 жоба қайта қолға алынғанын хабарлады. Нақтырақ айтсақ, Қызылорда мен Түркістан облыстарындағы алты канал, Ақмола облысындағы екі су қоймасы мен Абай облысындағы бөгет гидроторабы қайта жаңартылатын болды. Алматы облысындағы су алу нысанын электрмен жабдықтау жобасы да жүзеге асырылады.