Жамбыл облысында егіс алқабы қысқарады

  • 9
  • 10.03.2026, 21:51

Биыл Жамбыл облысында 76 каналға жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен, егіс алқабы қысқарады. Су арналары қараусыз қалып, әбден тозған. Жаңғырту жұмыстары 1,5 жылға созылады. Сондықтан осы арналар арқылы су алатын алқаптарға биыл дән себілмейді. Салдарынан аймақта арпа-бидай алқабы 5 мың, көкөніс пен бақша дақылдары 7 мың гектарға азаяды. Жалпы 627 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі деп жоспарланған. Бұл былтырға қарағанда 17 мың гектарға аз. Алайда жауаптылар басымдықты жүгері мен қант қызылшасына беріп отыр. Себебі облыста жылына 300 мың тонна өнім өңдейтін жүгері өңдеу зауытының құрылысы аяқталуға жақын. «Сондай-ақ қант қызылшасын қабылдауда да мәселе болмайды», - дейді ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары.

Төлебек Құлекеев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

-Күтілмейді ондай кезек немесе қабылдамау деген сияқты. Себебі біріншіден екі зауыт іске қосылады. Мына Байзақ ауданында тағы да қытайлық инвесторлардың қолдауымен алдағы екі жылдың көлемінде тағы бір зауыт, қант зауыты іске қосылады. Ол 1 млн тонналық. Осы зауыттардың арқасында республикалық деңгейде жалпы қантпен қамту мәселесі бойынша үлкен жетістіктерге жетеді деп жоспарланып отыр.