Синоптиктер: Аяздың беті қайтып, күн жылына бастайды

  • 11
  • 11.03.2026, 21:55

Аяздың беті қайтып, күн жылына бастайды. «Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге осындай болжам жасады. Мамандардың айтуынша, елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде антициклонның ықпалы әлсірей бастайды. 12 наурыздан бастап республика аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Солтүстік өңірлерде термометр бағаны нөлден жоғары болуы мүмкін. Ал оңтүстікте 14 наурызға қарай 5 градустан 10 градусқа дейін жылынады. «Дегенмен синоптиктер наурыз айының ауа райы құбылмалы болады», -дейді.  

Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

-12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде. Солтүстік өңірлерде оң температура байқалса, оңтүстік өңірлерде 14 наурызға температура бағандары +5,+10 градусты көрсетеді.