Атырау облысында 276 референдум учаскесі әзірленіп жатыр

  • 7
  • 12.03.2026, 21:35

Өңірде 416 мың 619 адам дауыс беру құқығына ие. «Сонымен қатар мүгедектігі бар 4699 адамның дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалады», - дейді аумақтық комиссия мүшелері. Референдумның халықаралық талапқа сай өтуін бақылау үшін 14 қоғамдық бірлестіктің байқаушылары аккредиттеуден өткен. Өңірде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің дауыс беруі тасымалданатын жәшіктер арқылы жүзеге асырылады.

Әсия Қыстаубаева, облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы:

- Атырау облысында вахталық әдіспен жұмыс істейтін, сондай-ақ студенттер мен әскери қызметкерлер бар. Бүгінгі таңда олардың жалпы саны шамамен 3,5 мың адамға жуық. Яғни, дауыс беру күні оларға да барлық қажетті жағдай жасалады. Тәжірибеге сәйкес, вахталық әдіспен жұмыс істейтін қазақстандықтардың дауыстарын жинау үшін тасымалданатын жәшіктер арқылы дауыс беру ұйымдастырылады.