Павлодарда ауыл мұғалімі жүргізушілерге қар құрсауынан шығуға көмектесті

  • 19
  • 12.03.2026, 21:41

Павлодар облысында да алай-дүлей боран соғып тұр. Бір тәулікте 30 адам қар құрсауынан құтқарылды. Төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осындай сын сағаттарда көмек тек кәсіби мамандардан ғана келген жоқ. Ақтүтек боранда көліктерге жол көрсеткен ауыл мұғалімінің әрекетіне тәнті болғандар көп.

Павлодар облысы Тереңкөл ауданының тұрғыны Марина Бедрина жүргізушілерге қар құрсауынан шығуға көмектесті. Ол шамамен төрт шақырымдай жаяу жүріп, жол көрсетіп отырған. Артынан ерген көлік керуені діттеген жеріне аман-есен жетті. Әлеуметтік желіде тараған видеоны көрген жұрт Маринаның батылдығы мен табандылығына тәнті болып, алғыстарын жаудырып жатыр.

Мария Бедрина, Павлодар облысының тұрғыны:

- Мен көліктен кім шығатынын ұзақ ойланған жоқпын, өйткені рөлде күйеуім болды. Ол көлікті маған қарағанда жақсы жүргізеді. Сондықтан жаяу жүріп жол көрсеткенді жөн көрдім. Біздің алдымызда алты көлік болды, олардың үшеуі екі жолақты жолда болып, қарсы бағыттағы жолақты жауып тұрған еді. Мен көліктің терезесін қағып, соңымнан жүруді ұсындым.