Қарағанды облысында екі тәулік бойы толассыз соққан қатты боран кезінде полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлері жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетті. Астана – Қарағанды тасжолында 3600 көлік қауіпсіз аймақтарға жеткізілді. Ақтүтек боранға байланысты колонна сағатына небәрі 20–30 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Сондай-ақ құтқарушылар екі күн ішінде қар құрсауында қалған 500-ден астам адамды аман алып шықты. Қазіргі уақытта да боранға байланысты өңірдегі бірқатар жол жабық. Құтқару және жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Думан Дәлешов, ТЖД бастығының орынбасары:
- Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, оның ішінде балалар да бар. Құтқарылған адамдарды эвакуациялық пункттерге жеткіздік. Мекендерге жеткізіп, сәйкесінше жұмыстар атқарылды. Республикалық маңыздағы жолдардың 9 учаскесі жабық және облыстық маңыздағы жолдардың 10 бағыты жабық.