Жезқазғанда жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған форум өтті

  • 9
  • 12.03.2026, 21:46

Мыңға жуық студент жастар мен волонтерлердің басын біріктірген шарада алдағы референдумның маңызы жайлы айтылды. Патриоттық әндер шырқалып, көшбасшы жастар жаңа конституция жобасындағы басымдықтарды баяндады. Жалпы, өңірде 1 айдан бері ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінге дейін 330-ға жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған 20 мыңға жуық адам қатысқан.

Алуа Нұрахмет, волонтёр: 

- Біз жастар жаңа Конституцияны қолдаймыз және жаңа Конституция елімізге жаңа мүмкіндіктер алып келеді деген үміттеміз. Бүгінгі шараға студенттер де, еріктілер де келіп жатыр. Бәрі жоғары деңгейде өтті. Көңіл күйіміз жақсы.