Жетісу облысында референдумға тұтас әулет болып келіп, азаматтық ұстанымын білдіріп жатқандар бар. Мәселен, Қаратал ауданына қарасты Жаңаталап ауылында үлкен отбасының 30 мүшесі бір мезетте дауыс берді. Оларды бастап келген Күлбағира әже 11 баладан 30 шақты немере 40-тан аса шөбере сүйіп отыр. Жалпы өңірде 462 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп жатыр. 440 мыңнан аса адам өз таңдау жасайды.
Күлбағира Тасыбаева, Жаңаталап ауылының тұрғыны:
- Ел-жұртқа жақсылық тілеймін. Мәртебелері биік болсын. Алла жақсылығын берсін. Заман тыныш болсын.