Референдум-2026: Ғылыми қауымдастық дауыс берді

  • 9
  • 15.03.2026, 16:07

«Ел экономикасы ғылымға, инновацияға, білімге негізделу керек. Бұл өте маңызды», - дейді  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев. Ал мықты мемлекеттік заң болмай, тұрақты, технологиялық бағытта даму мүмкін емес. «Ең бастысы, Ата Заңымыз елдің дамуына тірек болуы керек», - дейді ғалым. 

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті:

- Ашық экономикасы бар Қазақстан үшін қазір мына сыртта болып жатқан әскери текетірестер – бұл нақты тәуекелдер, нақты қауіп-қатерлер. Ең бастысы, Ата Заңымыз қазіргі заманға сай болу өте маңызды. Сондықтан еліміздің болашығы анықталатын күн. Мен тұрақты, мықты және технологиялық тұрғыда дамыған Қазақстан үшін дауыс бердім.