Бибігүл Төлегенова өз таңдауын жасады

  • 9
  • 15.03.2026, 16:15

Қазақстанның халық әртісі, «Қазақтың бұлбұлы» атанған әнші Бибігүл Төлегенова референдумда дауыс берді. Бибігүл Ахметқызы үйде дауыс беру құқына жүгінді. Заң бойынша денсаулығына немесе басқа да себепке байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтарға осындай жағдай жасалған. 

Ол үшін бірінші учаскелік комиссияға сағат 12-ге дейін өтініш жазып, үйден дауыс берудің себебін түсіндіру қажет. Комиссия өтінішті қарастырып, тиісті шешім қабылдайды. 96 жастағы ән падишасы өз таңдауын жасады.

Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның халық әртісі:

- Еліміз аман болсын. Елімізде тыныштық, аспанымыз ашық болып, іште даудан жаудан сақтасын. Мәңгілік елімізде бақытты өмір сүрейік.