Астанада Қазмедиа орталығында таңғы 9-дан бері «Референдум 2026» онлайн марафоны өтіп жатыр. Ол түнгі 1-ге дейін жалғасады. 16 сағатқа созылатын іс-шара барысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, ел дамуы үшін маңызды деген бастамалар мен инновациялық жобалар таныстырылады. Онлайн іс-шараға қандай мәселелер арқау болды?
Ержан Шәкеев, «Болашақ ойындары» дирекциясының өкілі:
- Таңертеңгі 9-дан шымылдығын түрген онлайн марафон бес алаңда өтіп жатқанына міне, 10 сағаттың жүзі болды. Мұнда қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен елімізге танымал тұлғалар, ұзын ырғасы жүзге жуық спикер өзара пікір алмасып ой бөлісуде.
Негізгі бағыттар білім беру, креативті индустрия, цифрландыру, жасанды интеллект, жастар мәдениеті және әлбетте, отбасы құндылықтары, әйелдер мен бала құқықтары сияқты мәселелерді қамтуда. Өзекті сұрақтар талқыға салынып, қызу пікірталастар өтіп жатқанын айта кету керек.