Ел аумағында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр. Ақмола облысында да өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары басталды.
Тасқын қаупі жоғары аймақтарда 20 мың шаршы метр мұз ойылды. Көкшетауда Қопа өзеніне құятын Қылшақты көлінде де бақылау күшейді. Себебі биыл қар жылдағы мөлшерден көп жауды. Қазір қалада су өткізу каналдары қардан тазартылып жатыр. Көктемгі тасқын шараларын алдын-алуға қалалық бюджеттен 50 миллион теңге бөлінді.
Ақжол Қылышбаев, қала әкімінің орынбасары:
- Негізі қала бойынша өткен жылмен салыстырғанда 250 мың текше метр қар шығарылды, ал былтыр бұл көрсеткіш 157 мың текше метр болған. Сонымен қатар, қала ішінде су ағатын каналдар да бар. Оның шамамен 5 мыңы тазаланып, қар мен мұздан тазартылды. Қазір мұздың барлығы алынып, өтетін су құбырларының бәрі соңғы аяқтау сатысында тұр.