Бұл арнада сең кептелісі болмауы үшін және елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу мақсатында жасалады. Жалпы облыс төңірегіндегі өзендерде 8 мың шаршы метр аумақтың мұзын жару жоспарланған. Бұған дейін Бұқар жырау және Абай аудандарында атқарылған еді. Қазір Осакаров пен Нұра аудандарында жалғасып жатыр. Құтқарушылар ауыл тұрғындарына өзен маңында бейсауат жүруге, малды қараусыз жіберуге болмайтынын ескертеді.
Думан Дәлешов, ТЖД бастығының орынбасары:
- Бүгінгі таңда облыс аумағында су тасқынына дайындық жұмысы қарқынды жүргізілуде. Өзендер барлығы бізде қысқы режимде. Бізде 25 шақырымнан астам осы дамбалар мен валдар нығайтылды, 6 шақырымнан астам өзен арналарын тазарту жұмыстары жүргізілді.