Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдап, қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлеріндегі ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су қоймалары белгіленген кестеге сәйкес босатылуда.