Ақтөбедегі облыстық көпсалалы аурухананың перзентханасында бүгін 11 сәби дүние есігін ашты. Тал бойына біткен баласын тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, дүниеге әкелген аналарға ұлтымыздың киелі мүлігі бесік табысталды. Жөргек-жаялығына дейін қазақы дәстүрге сай жасалған. Наурызнама күнтізбесінде бүгінгі күн отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналады. Сондықтан «Бесік тарту» салтын ұйымдастырушылар жастарға ата-баба дәстүрін насихаттауды мақсат еткен.
Мөлдір Исалина, қала тұрғыны:
-Төртінші баламды дүниеге әкеліп тұрмын. Үш қыздан кейінгі ер бала көптен күткен. Үш баламды да бесікке бөледім. Рақмет көп көп. Ең керекті сыйлық деп ойлаймын әр балаға. Бесікке жату керек.
Ералы Бақтыбаев, облыстық көпсалалы аурухана бас дәрігерінің орынбасары:
-Босанған аналардың арасында көп босанушылар да бар және де бірінші босанған аналар да бар. Нәрестелердің денсаулықтары сау. Аналарының қастарында.