Көктемгі мерзімді әскерге шақыру басталды

  • 10
  • 17.03.2026, 21:39

Бүгін елімізде көктемгі мерзімді әскерге шақыру басталды. Биыл 18-27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат әскерге қабылданады. Ескеретін жайт, азаматтарға ресми шақыру SMS-хат және eGov порталында хабарландыру арқылы кемінде үш күн бұрын жіберілетін болады. Азаматтардың 11 мыңнан астамы қарулы күштерге, 7 мыңы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына, 2 мыңға жуығы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне шақырылады. Қалғаны төтенше жағдайлар министрлігі мен мемлекеттік күзет қызметінде борышын өтейді. Мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан бірқатар қолдау қарастырылған. Мәселен, несиелік демалыстар беріліп, бірқатарына ҰБТ нәтижелерін есепке алмай мемлекеттік білім грантының сертификаты табысталады.