Қазақстанның көк байрағы әлемдегі ең үздік ту деп танылды

  • 11
  • 17.03.2026, 21:52

Қазақстанның көк байрағы әлемдегі ең үздік ту деп танылды. Reddit платформасында өткен «Әлем тулары» атты ауқымды онлайн дауыс беру кезінде жаһанның түпкір-түпкіріндегі интернет қолданушылар біздің байрақты таңдаған. Финалда көк туымыз Океаниядағы Кирибати мемлекетінің туын басып озды. Ал үздік төрттікке Сейшел аралдары, Бутан және Кирибати елдерінің тулары енді. Қазір Reddit желісінде тағы бір байқау өтіп жатыр. Онда қолданушылар әлемдегі ең үздік елтаңбаны анықтауда. Бұл жолы Қазақстан топ 26-ға енген.