Ұлт саулығына бағытталған қаржының жымқырылуы – мүлдем ақылға сыймайтын жағдай. Сондықтан МӘМС жүйесіндегі барлық шығын ашық көрсетіліп, әр теңгенің цифрлық ізі болуы қажет.
Премьер-министр Олжас Бектенов денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты жиында осылай деді. Жауаптылар қорды Қаржы министрлігінің қарауына беру мәселесін талқылады. Қаржы министрі Мәди Такиев МӘМС жүйесі шеңберінде жыл сайын шамамен 3 трлн 400 млрд теңге қайта бөлінетінін айтты. Ерікті медициналық сақтандыру көлемін «көлеңкеден» шығарып, медициналық көмекті үздіксіз қамту үшін барқатар заңға өзгерістер енгізілмек. Сондай-ақ азаматтар енді Qalqan платформасы арқылы қордың жұмысын бақылай алады. Бұл жүйеде пациенттің бірыңғай деректер тізбегі жинақталады. Бұған қоса МӘМС-тің жаңа нұсқасы әзірленді. Қор тек қызметтерге ақы төлеумен шектелмей, денсаулық сақтау жүйесінің дамуын болжап-бақылау, талдау жүргізу және оның тұрақтылығын қамту қызметін де атқарады.
Бақытжан Абдуллаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- «Қалқан» цифрлық платформасында жалпы медициналық ұйымдарды 3 аймаққа бөлу моделі қарастырылған. Ол жерде жасыл аймақ – сенім, сары аймақ және қызыл аймақ. Бұл дегеніміз – негізгі мәселе осы Міндетті медициналық сақтандыру қоры халықтың сенімін арттыру, ашықтылығын көрсету және бөлінген қаражаттың ұтымды және тиімді пайдаланылуы бойынша жұмыстар.