Салықтық тексеру мерзімі қысқарды

  • 10
  • 19.03.2026, 21:37

Елде салықтық тексеру мерзімі мен негіздері едәуір қысқартылды. Бұрын тексеру 12 жағдайда жүргізілсе, енді тек 4 себеп бойынша жүзеге аспақ. Салада цифрлық жүйе енгізілгендіктен, құжаттар электронды түрде қабылданып, ақпараттарды беру мерзімі 1 айдан 10 жұмыс күніне дейін қысқарды. Сол сияқты қосылған құн салығын қайтару тәртібі де кеңейтілді. Енді нөлдік айналым үлесі кемінде 50 пайызды құраған барлық экспорттаушылар салыққа кеткен шығынын қайтара алады. Мың жарым айлық есептік көрсеткішке дейін салыққа берешегі бар кәсіпкерлер кепілсіз, кейінге қалдыру және бөліп төлеуді пайдаланады. 

Сейілжан Ахметов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

- Сонымен қатар 78 дереккөзден мәліметтерді жинақтап, салық төлеушілердің цифрлық профилін қалыптастыратын Smart Data Finance жүйесі енгізілді. Big Data инфрақұрылымын құру және ақпараттық жүйелердің жаңа архитектурасына көшу цифрлық сервистерді одан әрі дамытуға, оның ішінде салық төлеушілер мүддесіне жасанды интеллект құралдарын енгізуге негіз қалайды.