Мереке күндері күн райы қандай болады?

  • 8
  • 20.03.2026, 21:50

Алдағы мереке күндері елімізде ауа райы құбылмалы болады. Қазгидрометтің болжауынша наурыздың 21-і мен 23-і аралығында бірқатар өңірде жауын жауады. Солтүстік пен оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Ал оңтүстікте күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Температура батыста 17, ал оңтүстікте 25 градусқа дейін жылынса, солтүстік пен орталықта 3 пен 8 градус шамасында болады.