Атырау облысында 97 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда 13 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы толық дайын. Тағы 6 мектептің құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Өткен жылы Құрманғазы, Индер, Мақат және Қызылқоға аудандарында жоспарланған 9 мектептің 6-ы жөнделіп, пайдалануға берілді. Биыл 8 білім беру мекемесін жөндеуге 10 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Жалпы облыс бойынша 100-ге жуық мектептің тозығы жеткені анықталған. Сол себепті жаңғырту жұмыстарының басым бөлігі ауылдық елді мекендердегі білім ошақтарын қамтиды. Бағдарлама аясында мектеп ғимараттары толық күрделі жөндеуден өткізіліп, пәндік кабинеттер заманауи құралдармен жабдықталады. Сонымен қатар жаңа жиһаздар орнатылып, спорт залдары, кітапханалар мен асханалар жаңартылады. Ауқымды жоба 2025-2029 жылдар аралығында жүзеге асырылады.
Жақсылық Жанұзақов, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Реновация-1300» 2029 жылға дейін жобасы бекітіліп, осы жұмыстар аясында бізде облыс, қала, ауылдық мекендердің тозығы жеткен күрделі жөндеуді қажет ететін мектептерге реновация жүргізу керек белгіленген болатын. Мұнан басқа сараптамадан өтетін жобалар дайын болғаннан кейін қортынды алып, әрі қарай бюджетке ұсынамыз.