Елде алименттен жалтарғандар көбейді

  • 8
  • 26.03.2026, 21:34

Елімізде алименттен жалтарған 380 борышкер қылмыстық жауапқа, 4824 азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Өткен жылы олардың берешегі 18 млрд теңгеге жеткен. Қарызы бар жандарға заңмен қарастырылған барлық мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылып келеді.

Бұл туралы Әділет министрлігінің өкілдері хабарлады. Айтуларынша, жекелеген борышкерлер нақты материалдық мүмкіндіктері бола тұра, балаларын асыраудан жалтарады. Мұнымен қоса, өз мүлкін жасыратындары да жиі кездеседі. Жалпы 2025 жылы 557,6 млрд теңге алимент өндірілген.

Мақсат Балабеков, ҚР Әділет министрлігі мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы:

- 2025 жылы мәжбүрлеп орындауда 354 мың алиментті өндіру құжаттары болды, оның ішінде 59,6 мың құжаты нақты орындалуына байланысты немесе өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжатты қайтару негізінде аяқталды. Проблемалық алимент төлемдерінің саны 12,7 мың немесе 4% болып танылды, олардың жалпы берешегі 18 млрд теңгені құрайды.