Елде мемлекеттік алимент қоры құрылуы мүмкін

  • 5
  • 30.03.2026, 21:33

Мәжіліс депутаттары осындай бастама көтеріп отыр. Олардың сөзінше, егер бала бірнеше ай бойы алимент ала алмаса, қаражатты уақытша қор төлей алады. Бұл қаржы бюджеттен тыс түсімдерден, мысалы, айыппұлдардан қаржыландырылмақ. Мұндай тәжірибе Франция, Ұлыбритания мен Австралияда сәтті қолданылып келеді.

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың айтуынша, қазір біздің елде алимент бойынша берешек 18 миллиард теңгеден асқан.

Магеррам Магеррамов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінде әртүрлі деректер бойынша шамамен 500 мың бала ай сайынғы алимент төлемдерін ала алмай отыр. Үкімет: «18 млрд теңге берешек бар», - деп хабарлады. Бірақ бұл тек 3 айдан астам уақыт бойы алимент төленбеген балаларға қатысты есеп. Ал алиментті үш айда бір алатын немесе алуы тиіс сомадан кем алған балаларды есепке алсақ, алимент бойынша жалпы берешек көлемі 40 млрд теңгеден асуы мүмкін.