Жыл басынан бері 3 мың 335 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Елге келген қандастардың жартысына жуығы, яғни 47,8 пайызы Қытайдан, 43,6 проценті Өзбекстаннан. Сондай-ақ Түрікменстан, Монғолия, Ресей және басқа да елдерден тіркелгендер бар. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 168 мыңнан астам этникалық қазақ оралды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, қандастар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанып жатыр. Биыл еңбек күші тапшы деген өңірлерге 2 мың 281 адамға квота бөлініп, оның 569-ы жайғасты. Қандастарға мемлекеттен көшуге қаржылай көмек, тұрғын үйге субсидия және 7 млн теңгеге дейін сертификат беріледі.