Еліміздегі мыңға жуық білім беру ұйымында құқықтық мәдениет сабағы оқытыла басталды.
«Заң және тәртіп» жобасы аясында Алматы облысының Талғар ауданында жүргізілген пилоттық жоба енгізілген болатын. Облыста 10 мектеп пен 3 колледжде құқықтық сабақ өткізіліп, 9 мыңнан астам оқушыны қамтыды. Нәтижесінде жастар арасында буллинг пен құқықбұзушылықтардың төмендегені байқалды.
Жоба Шымкент қаласы мен Қарағанды, Павлодар облыстарында да қолға алынды. Оқушылармен жұмысқа құқық қорғау органдарында қызмет еткен тәжірибесі бар 600-ден астам тәлімгер тартылған. Сабақтар екі аптада кемінде бір рет өтеді.