Цифрландыру: бақылау күшейтілді

  • 8
  • 30.03.2026, 21:39

Былтыр мемлекеттік қазынадағы 20 триллион теңгеден астам қаржының мақсатсыз жұмсалуына жол берілген жоқ. Қазынашылық тәуекелі жоғары қаржылық құжаттарды дер кезінде анықтап, күмәнді құжаттарды кері қайтарған. Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша шығын көлемі республикалық бюджетте 29,6 триллион теңгені құраса, жергілікті бюджеттерде 17,7 триллион теңгеге жеткен. Қазынашылықта цифрландыру нәтижесінде төлемдерді өңдеу жеделдеп, бақылау күшейтілген. Нәтижесінде қаржыны ысырап етуге жол бермеу тиімділігі артты.

Рахат Тоқбаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы:

- 2026 жылы қазынашылық жүйесін басқа жүйелермен байланыстыру, оның ішінде цифрлық теңгені пайдалану жоспарлануда. Келешекте заманауи және тиімді шешімдерді қамтитын (оның ішінде жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып) мемлекеттік қаржыны жедел басқаруға бағытталған қазынашылық жүйесінің жаңа архитектурасын құру міндеті тұр.