Сәуірдің 22-сі мен 24-і аралығында Қазақстанда маңызды халықаралық жиын өтеді. Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында көтерген бастамасы әлемдік қоғамдастықтың қолдауына ие болған еді. Өңірлік экологиялық саммитке Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен 20 мыңнан астам делегат қатысады деп жоспарланған. Маңызды алаңда жаһандық климаттың өзгеруі, оның адамзат өміріне әсірі кеңінен талқыланады. Бұл саммит тек диалог алаңы емес, мемлекеттер арасындағы экологиялық ынтымақтастықты нығайтады.