Қостанай облысында суды үнемдеу қажеттілігі туындап отыр. Биыл Қостанай су қоймаларында жиналатын қор болжанған көлемнен аз болуы мүмкін. Қазіргі кезде негізгі екі гидротехникалық нысан 69 процентке толы. «Әлі де шамамен 200 миллион текше метр су түсуі тиіс»,- дейді мамандар. Биыл қар күндіз еріп, түнде қатып, ылғалдың дені топыраққа сіңді. Бүгінде Қаратомар және Жоғары Тобыл гидротехникалық құрылымынан санитарлық мақсатта өзенге секундына 3 текше метр ғана су жіберіліп жатыр. «Алайда мамандар қолдағы қор халықты ауызсумен қамтамасыз етуге,шаруашылық қажетілігіне жұмсауға жеткілікті», - дейді.
Бақтияр Үсенов, «ҚазСуШаруашылығы» РМК ҚФ директорының міндетін атқарушы:
- Енді 70-75 процентке дейін толтырамыз деп ойлаймыз. 80-85 пайыз қолайлы болар еді бізге. Су аз болып қалуы мүмкін дегенде, одан аз болған жылдары болды судың. Осы көлемде бізге енді 100 миллион келсін, 200 миллион келсін біз оның бәрін қабылдаймыз.