Жаз басталмай Шымкенттегі жасыл желектер құрғап жатыр

  • 10
  • 02.04.2026, 21:40

Шымкентте жаз басталмай жатып, жасыл желектер қурап жатыр. Мамандар мұны күннің қатты ысып кетуінен дейді. Сарапшылар болса шаһардағы жасыл-желекті күтіп ұстау үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. Неге уақытында мердігер ұйым анықталмаған деп отыр. Мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сәйкес, ShymCity, «Сәуле» және «Манеж» саябақтарын күтіп ұстауға арналған байқау биыл 9 ақпанда жарияланған. Кейін ол белгісіз себептерге байланысты кейінге шегерілген. Наурыздың 31-і күні құны 238 миллион теңгеден асатын лот қайта жарияланды. Жаңартылған құжатта ағымдағы жөндеу жұмыстары да қарастырылған. Ал мердігер ұйым тек конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін белгілі болмақ. 

Абдолла Исатөре, қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының бас маманы:

-Бізде «Манеж» скверін 2025 жылы біз мердігер мекемемен бір жыл келісімшартқа тұрып, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізгенбіз. 25 жылға дейін қараусыз қалған скверге жатқан. Қазіргі таңда келісім шарт аяқталуына байланысты мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланды. Алдағы уақытта жеңімпаз анықталып, қайта қалпына келтіру және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілетін болады.