«Көк түспен жарықтандыр»: аутизм туралы ақпараттық акция ұйымдастырылды

  • 9
  • 02.04.2026, 21:44

Бүгін дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Осыған орай «Көк түспен жарықтандыр» деп аталатын жаһандық акция ұйымдастырылды. Елордада Ұлттық балаларды оңалту орталығында ашық есік күні өтті. Сала мамандарының айтуынша, соңғы бес жылда Қазақстанда аутизм спектрі бұзылыстары бар балалар саны үш есе көбейген. Былтыр 14,5 мыңнан астам балаға осы диагноз қойылған. Алайда сарапшылар нақты көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін дейді. Қазір елде 12 аутизм орталығы мен 14 оңалту мекемесі жұмыс істейді. Мыңнан астам қолдау кабинеті де ашылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әлемде бұл синдроммен өмір сүріп жатқан адам саны 10 миллионға жуықтайды.

Марина Кушкунбаева, Ұлттық балаларды оңалту орталығының неврологы:

- Бүкіл әлемде скринингтің жүйесі өте дамыған. M-CHAT тесттерін жүргіземіз. Сол алтын стандарт болып табылады. Соларды жүргізіп, пациенттерге ертерек диагноз қоямыз. Ата-аналарға бірінші қауіпті белгілерді және «қызыл жалаушаларды» үйретеміз. Қазір білім арта түсті. Мұғалімдер, балабақшадағы тәрбиешілер, емханада дәрігерлер, тіпті ата-аналар бұл туралы қазір көп біледі.