Елде ауа райы құбылады

  • 8
  • 02.04.2026, 21:52

Күннің күрт жылынуы мен жауын-шашынның қатар жүруі кей өңірде қолайсыз жағдай туғызуы мүмкін. Антициклон әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте көктайғақ болып, батыс, оңтүстік, шығыс пен орталық аймақтарда жел күшейеді. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. 

Айгүл Алданбергенова, «Қазгидромет» РМК қысқамерзімді ауа райын болжау бөлімінің жетекші инженері:

- Циклон шығысқа қарай жылжыған сайын солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлерде де қайталанады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер болады, жел күшейеді, күндіз солтүстік-батыста бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Түнде және таңертең тұман күтіледі.