Электрлі самокаттарға жаңа ереже күшіне енеді

  • 33
  • 03.04.2026, 21:48

Алматыда өткен жылы самокат жүргізген 24 мыңнан аса адамға айыппұл салынды. Соның ішінде 386 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 400-ден аса адам зардап шеккен. Тәртіп сақшылары күн жылынғалы өздері де самокатқа мініп көше, саябақтардағы қауіпсіздікті қадағалауға кірісті. Шілденің бірінен бастап электрлі самокаттарға қатысты жаңа заңнама күшіне енеді.

Жаңа заңнамаға сәйкес кәмелет жасына толмаған, жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға самокат жалға берілмейді. Бұл талапты кикшеринг компаниялары бақылауға міндеттеледі. Мамандар мұндай өзгерістер жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттырады дейді.

Күн жылынғалы самокат тебушілер көбейеді. Полиция қызметкерлері жаңа құжат күшіне енгенше тұрғындар мұқият танысып шықса деген ниетте.

Айдын Меркімбаев, Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі:

-Заңнамада көрсетілгендей жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады. Бұл азаматтар электрсамокатын тізгіндейтін азаматтар толыққанды жол мүшесі болып табылады. Сол себепті олар жүргізуші куәлігі болуы тиісті. Оларға тек қана веложолақтар және жолдың оң жақ шетімен жүруге тиісті болады.

Ал тротуармен жүрсеңіз жылдамдықты сағатына 6 шақырымнан асырмауыңыз тиіс. Мегаполисте 4 кикшеринг компаниясы жұмыс істейді. Олар әкімшілік қойған талаптарға сай қызмет атқаруы тиіс. Жалға берілетін самокаттар көрінген жерде тарыдай шашылмауы керек. Ереже сақталмаса жалға беруші компания жауапқа тартылады. Ал электросамокат айып тұрағынан бір-ақ шығады.

Тимур Ноғайбаев, Алматы қаласы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы:

- Біз кикшеринг компанияларымен жиналыс өткіздік түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Ескерттік алдын ала. Көгалдандыру, басқа да жол қозғалысына, жаяу жүргіншіге кедергі жасайтын самокаттарды, біз осы мемлекеттік атқару органдарымен бірге айып тұраққа жеткізу туралы шешім қабылданып жатыр.   

Қазір қалада 89 шақырым веложолақ бар. Бұл арнайы жолда самокаттардан бөлек, велосипедтер мен мопедтер де жүреді. Әкімдік алдағы уақытта веложолақтар санын арттырмақ.

Руслан Асқаров, Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының бөлім басшысы:

-60 шақырым веложол мен веложолақтарды ұйымдастыру жоспарланып жатыр. Сол себепті қазір жоспарлау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі талаптар ережелерді бұзбау. Ол енді жаяу жүргіншілердің жолағы, жаңағы тротуарға қалай болса солай қойып кетеді. Сондықтан сол шектеулер болып жатыр.

Электрлісамокаттарға көбіне жасөспірімдер әуес. Алматыда 1 сәуірден бастап жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Соңғы екі күнде 150 құқық бұзушылық анықталды. Олардың 22-сі балалармен байланысты. Рейдтің мақсаты жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру. Осы орайда 20 полиция қызметкерінен арнайы жасақ құрылды. Электрлісамокат мінген тәртіп сақшылары саябақтар мен өзен арналарын бақылайды.     

Ернұр Рысбай, Айдос Қалиев, Мұхит Құдықбаев