СҚО-дағы «Сергеев» су қоймасы 110 пайызға толды

  • 10
  • 03.04.2026, 22:00

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Сергеев» су қоймасы 110 пайызға толды. Қазір бөгет үстімен ағып жатқан судың биіктігі 55 сантиметрге жетті. Енді ол Есіл өзеніне құйып бір аптадан кейін арнасымен Петропавлға жетеді. Сонымен қатар аймақта еріген қар суынан кіші өзендердің көтерілуі байқалады. Көктемгі тасқынға байланысты төтенше жағдайлар қызметі 112 елді мекенді бақылауға алды. Облыс бойынша қауіпті аймақтар анықталып, құтқарушылар ауыл-аймақтарда алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өңірде жедел әрекет ету штабы құрылған.