Шу және Талас трансшекаралық өзендерін бақылау күшейтіледі

  • 18
  • 03.04.2026, 21:53

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Шу және Талас трансшекаралық өзендерін бақылау күшейтіледі. Қазақстан мен Қырғызстан арасында жедел ақпарат алмасу мүмкіндігі кеңейтіледі. Заманауи цифрлық құрылғылармен жабдықталған қосымша бақылау бекеттері трансшекаралық өзендердің бассейндерінде орнатылмақ. Бұл туралы бүгін табиғи апаттар қаупін азайту орталығы кеңесінің отырысында айтылды. Қазақстан мен Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлерінің кездесуінде бірқатар жобалар таныстырылды.

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Біздің орталық өз жұмысын жақсы деңгейде атқарып жатыр. Екі елдің ынтымақтастығы, осы төтенше жағдайлар саласы бойынша, біздің елдердің азаматтық қорғау саласына нақты көпір ретінде санауға болады бұл орталықты. Осы центрдің қатысушыларын мемлекеттерін көбейту жайында талқыладық. Сондықтан да осы жақын арада тәуелсіз мемлекеттер достастығының мүшелері осы центрге қосылады деген, үміттеміз.